Қызылшаның алғашқы белгілері және оны емдеу жолдары қандай? – Дәрігер жауабы

Балалардағы қызылшаның симптомдары, диагностикасы және оны емдеу жолдары туралы Алматы қаласының медицина ғылымының кандидаты, №36 қалалық емхананың инфекционист дәрігері Жанат Досаева айтып берді деп хабарлады turkystan.kz.

Almaty.tv сайтының мәліметінше, дәрігер осы инфекциядан екпе алмаса, онда ауыратын адамның қасында болғаннан соң жұқтыру қаупі 100% болуы мүмкін екенін атап өтті.

«Басқа адамға жұғудың алғашқы белгісі 7 күннен 21 күн ішінде анықталады. Бұл кезеңде қызылшамен ауыратын науқас қоршаған орта үшін жұқтыру көзі болады. Аурушаңдық белгісі – бастың ауруы, әлсіздік, дене қызуының 40 градусқа дейін көтерілуімен басталады. Кейіннен бұл симптомдарға тағы да мұрынның бітуі, жөтел және тәбеттің мүлдем болмауы қосылады», – деді дәрігер.

Жанат Досаеваның айтуынша, қызылшада конъюктивиттің шығуы, жарықтан көзден жастың ағуы, көздің лезде қызарып кету белгілері болады.

Бұл симптомдар 2-4 күн бойы болады. Аурушаңдықтың 4-күнінде кейіннен қосылып кететін ұсақ қызыл даққа ұқсайтын бөріткендер пайда болады. Бөріткен бетке шығуы мүмкін (әсіресе, құлақтың артына) және де 3-4 күн бойы бүкіл денеге жайылады.

«Қызылша болғаннан соң бөріткен орында дақтар қалады (бірнеше күн сақталатын қара дақтар), олар пайда болғаннан соң ақырындап кете бастайды. Қызылшамен ауырған кезде: пневмония, отит, энцефалит секілді күрделі асқынулар орын алуы мүмкін», – деп атап өтті маман.

Маман осы аурушаңдықтан қорғайтын қызылшадан екпе алу керек екендігін және оның Ұлттық профилактикалық екпелер күнтізбесіне қосылғаны туралы айтты. Вакцинация туралы деректер пациентке берілетін профилактикалық екпе алу сертификатына жазылады. Қызылшамен адамның ауырып, ауырмағаны, екпе алып, алмағаны туралы деректер болмаған жағдайда, міндетті түрде тұрғылықты немесе бекітілген жері бойынша медициналық ұйымдарда вакцинациялауға жатады.

Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен айтылғандай, ұлттық профилактикалық екпелер күнтізбесіне сәйкес, қызылшаға және паротитке қарсы вакциналар 12-15 айлық балаға салынады және қайталама курсы – 6 жас.

Деректерге сәйкес, 2023 жылғы 1 наурыздан 14 сәуір аралығында қала бойынша барлығы шамамен 13 мың балаға екпе салынған.

https://turkystan.kz/article/221806-kyzylshanyn-algashky-belgileri-zhene-ony-emdeu-zholdary-kanday-deriger-zhauaby/

Comments (0)
Add Comment