Қызылшаның алдын алу – әрқайсымыздың жауапкершілігіміз

Қызылша – ауа арқылы тез таралатын, жұқпалы вирустық ауру. Ол көбінесе балалар арасында кездеседі, алайда ересектер де сырқаттануы мүмкін.

Қызылшаның алғашқы белгілері – дене қызуының көтерілуі, жөтел, мұрынның бітуі, көздің қызаруы және кейіннен денеде бөртпенің шығуы.

Аурудың қауіптілігі – ол асқынуларға әкелуі мүмкін: өкпе қабынуы, құлақтың қабынуы, энцефалит секілді ауыр жағдайларға дұшар етеді. Сондықтан алдын алу шаралары әр адам үшін өте маңызды.

Негізгі алдын алу жолы – екпе алу.

Қазақстан Республикасында қызылшаға қарсы вакцинация Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілген. Балаларға алғашқы екпе 12 айында, қайталама екпе 6 жасында салынады. Сонымен қатар, уақытында екпе алмаған ересектерге де вакцинациядан өту ұсынылады.

Қызылшаның таралуын болдырмау үшін:

  • балалар мен ересектердің екпе мәртебесін тексеру;
  • екпесі жоқ адамдарды уақытылы вакцинациялау;
  • сырқаттанған адаммен тікелей қатынаста болмау;
  • кез-келген белгілер байқалған жағдайда дәрігерге жедел қаралу қажет.

Қызылша – алдын алуға болатын ауру. Денсаулық – ең қымбат қазына, сондықтан өзімізді және жақындарымызды қорғау үшін екпеден бас тартпауымыз керек.

Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары – Муликова Неили Орынбасарқызы

 

Comments (0)
Add Comment