Қызылша ауруы қалай жұғады?

Қызылша — вирустық инфекция. Қызылшаны денеге шыққан бөртпе арқылы білуге болады. Бұл ауру өте жұқпалы, ауа арқылы таралады және бірнеше аптаға созылады.

Инфекция ауа арқылы жұғады. Мысалы, сөйлескенде, түшкіргенде және жөтелгенде. Қызылшамен ауырған науқаспен байланыста болған адам, әсіресе қызылшаға қарсы екпе алмаған және бұл аурумен ауырып көрмеген адам 100% дерлік жұқтыруы мүмкін

Қызылша вирусы өте құбылмалы келеді, тіпті қызылшамен ауырған науқаспен тікелей байланыста болмай-ақ, онымен бір үйде тұрсаң да жұғады. Вирус тез өледі. Бұл вирусты тұрмыстық заттар, ойыншықтар, киім-кешек арқылы жұқтыру мүмкін емес.

Балалардағы қызылша белгілері
Қызылша вирусын жұқтырған алғашқы кезеңде, яғни алғашқы белгілері пайда болғанға дейін бала 7-ден 17 күндей ауырады.
Бала инкубациялық кезеңнің соңғы екі күнінде, катаральды кезеңде (3-4 күн) және бөртпелердің төртінші күніне дейін, яғни 9 күн ішінде басқаларға жұқпалы болады. Алғашқы үш күнде қызылша респираторлық инфекция түрінде көрінеді. Дененің безгегі ұстап, басы ауырады. Жөтел пайда болады, мұрыннан су ағып, тамағы ауырады.
Ауру негізінен үш кезеңнен тұрады: катаральды, бөртпе кезеңі және пигментация кезеңі.
Алғашқы үш 3-5 күнде қызылшаның белгілері көрінеді. Ағзаны ұйқы басып, тез шаршайды және дене температурасы аздап көтерілуі мүмкін. Бұл кезеңде қызылшаның негізгі симптомы – науқастың аузында тістердің түбінде ерекше бөртпе пайда болады. Дақтар қызарып тұрады. Мұндай дақтар ерте бастан диагноз қойып, ауырған адамды немесе баланы ертерек оқшаулауға мүмкіндік береді. Қызылша жұқтырған балаларда жөтел жиілеп, дене қызуы біртіндеп 40 градусқа жетуі мүмкін.

Ал қызылшамен ауырған ересектерде терінің қышуы 20% болады. Ларингит, бронхит 15 күнге дейін созылуы мүмкін, әсіресе 60 жастан асқан адамдарда ұзаққа созылады. 20-30% қысқа мерзімді диарея және орталық жүйке-жүйесі зақымдануы мүмкін. Қызылша асқынған жағдайда адам пневманияға шалдығады.

Қызылшаны емдеу жолдары
Жалпы ауруды анықтау үшін дәрігер науқасқа сараптама жасатады. Ол – қан мен зәрді жалпы талдау, серологиялық зерттеу. Бұл – баланың қан сарысуындағы қызылша вирусына антиденелерді анықтау. Сосын қаннан вирустың бөлінуін анықтап, кеуде қуысының рентгенографиясы жасалады. Алайда бұл – ерекше жағдайда ғана жасалатын тексеру. Сондай-ақ электроэнцефалография, бұл тексеру де науқастың жүйке-жүйесінде асқынулар болған жағдайда ғана жүргізіледі.

Вакцинаның маңызы
Қызылшаға қарсы егу профилактикалық егу күнтізбесіне кіреді. Алғашқы вакцинация 12-15 айлық дені сау балаларға жасалады. Вакцинаны қайта жасау (ревакцинация) 6 жасында, мектеп алдында жүзеге асырылады.
Вакцинада баланың иммунитетін дамытатын тірі қызылша вирустары бар. Вакцинацияға реакция әртүрлі болуы мүмкін. Баланың дене қызуы кейде 37,5 – 38 градусқа дейін көтеріледі. Бұл вакцинациядан кейін 5-8 күн ішінде болуы мүмкін және үш күнге дейін созылатын кездер болады. Ескеретін бір жайт, иммунитеті төмен және онкологиялық аурулардан зардап шегетін балаларға вакцина алуға болмайды.

Артықбаев С.С
Сарысу аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы

Comments (0)
Add Comment