Қызылорда облысында рейстегі автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 14 шілдеде Қызылорда қаласы Баймұрат ауылының тұсында Шымкент-Самара тасжолында болған. Автобус Қызылорда – Қазалы бағытында қатынаған.
Жол – көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болып, автобустың бір жолаушысы медициналық мекемеде көз жұмды. Автобус жүргізушісі мен 3 жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Олардың біріне алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
ЖКО дерегі бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
https://turkystan.kz/article/227856-kyzylordada-zhol-apatynan-eki-adam-koz-zhumdy/