“Сыр өңіріне келген сайын сәлем беріп, аман-саулық сұрасатын бір ғана жан бар, ол – Диляра ханым. Марқұм Батырхан Шүкеновтің анасы. Батыр ағамыздың анасын келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, көңілін аулап қайттық. Диляра апау, ғұмырыңыз ұзақ, деніңіз сау болсын! Ұрпағыңызбен мың жасаңыз! Қазақ халқына Батыр ағамыздай перзентті дүниеге акелгеніңіз үшін бүкіл Қазақ елінің атынан мың алғыс! Әнші ағамыздың аты өшпейді. Әнімен мың жасайтын тума талант”, – деді актер.
Желі қолданушылары мен актердің өнердегі әріптестері сүйікті әншілерін еске алып, жылы естеліктер айтып жатыр. “Ертеректе Диляра апайға есеп тапсыратын едім, өте керемет сұлу апай болатын. Ән айтатыны бар, дауысы жақсы болатын. Бірде кабинетіне жұмыспен кірсем, ұлымнан сәлемдеме келді деп теңіз балдырынан жасалған тәтті беріп еді. Ол кезде ондай тәттілер болмайтын. Мәскеуде оқитын ұлы бар деп еститінбіз, сол жігіт Батырхан екен ғой“, – дейді бір оқырман. “Батырхан анасынан аумайды екен”, “Қамкөңіл ананың көңілін көтергендерің дұрыс болды”, “Жігіттер, жарайсыңдар” деп жазып жатыр актердің оқырмандары.