Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Бурыл ауылының тұрғыны жаралы жыртқыш құсты тауып алғанын Жамбыл облыстық оран шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына (бұдан әрі — Инспекция) хабарлады.
Жедел әрекетке көшкен жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы бөлімінің мемлекеттік инспекторлар дала қыранын қаңғыбас иттерден қорғап, ветеринариялық клиника мамандарына қаратып құстың өздігінен ұша алмайтынын белгілі болды.
Мемлекеттік инспекторлардың анықтау барысында бұл құс — ҚР Қызыл кітабына енген сұңқар тәрізділер отрядының қырғыйлар тұқымдасына жататын дала қыраны (лат.Аguila nipalensis) екенін анықталып Түркістан облысы, Шымкент қаласындағы МКҚК «Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы» мекемесінің мамадарына тапсырылды.