Қытайда 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында жаңа кәсіпорындар санының тұрақты өскені анықталды.
Мемлекеттік нарықты реттеу басқармасының дерегі бойынша, алты айдың ішінде 3,27 млн жаңа кәсіпорын ашылған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 12,5 процентке артық.
Осылайша, Қытайда бірінші жартыжылдықта күн сайын орта есеппен 18,1 мың жаңа кәсіпорын пайда болған. Бизнес ахуалды жақсарту және бизнесті жүргізу шарттарын оңтайландыру аясында Қытайдың 22 өңірінде кәсіпорындарды онлайн-тіркеу енгізілген.
Сондай-ақ, әкімшілік процедураларды жеңілдету нарықтан 388 мың кәсіпорынның кетуіне ықпал еткен.