Қысқы жылу, қорғаныс, әлеуметтік қолдау: аппараттық кеңесте не талқыланады?

Аудан әкімдігінің 2-қабаттағы мәжіліс залында аудан әкімі Ермек Карентаевтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті.
Кеңесте ең әуелі 2025–2026 жылғы қысқы жылыту маусымының өту барысы қаралып, бұл мәселе бойынша аудан әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Төлегенов Бауыржан Қадырбайұлы баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе – 2026 жылға материалдық-техникалық базаны жабдықтау болды. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Ауелбаев Болат Абдималикұлы аталған бағыт бойынша баяндама жасап, тиісті ұсыныстарын жеткізді.
Одан кейін 2025 жылдың қорытындысы бойынша «Отбасын қолдау орталығының» атқарылған жұмыстары тыңдалып, орталық директоры Абдразақов Абдығали Расулұлы есеп берді. Сондай-ақ аудандық «Мансап» орталығының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары таныстырылып, орталық директоры Исабеков Бәкір Әмреқұлұлы баяндама жасады.
Кеңес соңында «Елтану» ағартушылық жобасының 2026 жылға арналған іске асыру кешенді жоспары қарастырылып, бұл тақырып бойынша аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Несіпбаева Жанар Қызырәліқызы баяндама ұсынды. Жиын сұрақ-жауаппен жалғасып, қорытындыланды.
Comments (0)
Add Comment