Қыркүйектен бастап балабақша мен мектептерде тегін ыстық тамақ беріледі

Әлеуметтік осал топ санатындағы отбасының балалары балабақшада тегін тамақтанады деп хабарлады turkystan.kz.

Барлық бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары:
– 11 өңірде тегін тамақпен қамтамасыз ету мәселесі шешілді (ШҚО, БҚО, Абай, Ұлытау, Жетісу, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, СҚО, Ақмола, Қостанай облыстары)
– 9 өңірде мәслихат отырысында маусым айының соңына дейін бюджет бекітіледі (Алматы қаласы, Маңғыстау облысы, Ақтөбе облысы, Шымкент қаласы, Қызылорда облысы, Алматы облысы)
– 1 қыркүйектен бастап балабақшаларда осал топ санатындағы отбасы балалары 100% қамтылады.

Орта білім бойынша:
– 9 өңірде бастауыш сынып балалары тегін тамақпен қамтамасыз етілген (Атырау, БҚО, Қарағанды, Ұлытау, Павлодар, Қызылорда облыстары, Астана, Алматы, Шымкент қалалары)
– 8 өңірде мәслихат сессиялары өткізілді, қаражат бөлу туралы шешім қабылданды (Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Жамбыл, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары), Қостанай облысында бұл жұмыстар ішінара орындалды.
– 2 өңірде мәслихат отырысында маусым айының соңына дейін бастауыш оқушыларын 100% тегін тамақпен қамтамасыз етуге қатысты бюджет бекітіледі (Абай және ШҚО облыстары )

 

https://turkystan.kz/article/226266-kyrkuyekten-bastap-balabaksha-men-mektepterde-tegin-ystyk-tamak-beriledi/

Comments (0)
Add Comment