Қылмыс пен жазаның алдын алу маңызды

Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Қылмыс пен жазаның алдын алу» мақсатында жастармен кездесу өткізілді. Жастармен кездесуді өткізген Тараз қаласы полиция басқармасының мамандары.

Кездесу барысында мамандар кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы және жазалау мәселелері ҚР Қылмыстық Кодексінің VI бөлімінде қарастырылғандығы жайында айтты. Қылмыстың көбіне түнгі уақыттарда болатындығын, сол себепті де жас өспірімдердің ата-атасының қарауынсыз жүрмеуін айтты. Егер де кәмелетке толмаған жасөспірімдер ата-анасының немесе заңды өкілінің ертіп жүруінсіз тиісті емес уақытта жүрсе, онда полиция бөліміне түсетін ескертті. Сонымен қатар баланың заңды өкілінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта яғни 22-ден таңғы 6- ға дейін ойын- сауық орталықтарында, сол сияқты жерлерде жүрулеріне тыйым салды. Кәмелетке толмаған бала белгіленген уақыттан өткеннен кейін ата-анасының ертіп жүруінсіз сыртқы ортадан көрінетін болса, ата-анасына айыппұл салынатындығын және де сол айыппұлдың мөлшері құқық бұзушының жыл ішінде осындай бұзушылық үшін бұрын жауапқа тартылып- тартылмағанына байланысты болатынын хабардар етті.

Кездесуден жастар өздерінің құқықтық міндеттерін біле алды. Мамандардың айтқан сөздерін жастарымыз назарға алып, ескере жүрсе, қаламызда қылмыстың саны азайар еді. Әрбіріміз өз құқығымды білейік, тәртіпке бағынайық.

Comments (0)
Add Comment