ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Адамдарды тілсіз жаудан арашалап, түрлі тосын жағдайдан қорғап, өз өмірлерін бәйгіге тігетін құтқарушылар қандай құрметке де лайық екені талас тудырмайды. Өткені қауіпке бас тігіп, қатермен жиі ұшырасатын құтқарушылардың әрбір күні болжауға келмейтін оқиғаларға толы. Сол себепті құтқарушылардың қызметі жанкештілікке толы десек қателеспейміз.
Жылдың төрт мезгілінде де төтенше жағдайда бірінші болып жететін ауданымыздағы құтқару қызметінің мамандары да өздеріне берілген жауапкершілікті сезініп, антына адалдық танытып келеді.
Олар аудандағы 100 мыңнан аса халыққа қалтқысыз қызмет етуде. Осыған орай, Құтқарушылар күні қарсаңында осы саланың ардагерлері мен бүгінгі бейбіт күннің батырларымен кездесіп, меншікті мерекелерімен құттықтадым. Ұзақ жылдар бойы құтқару қызметінде табан аудармай еңбек еткен бірқатар азаматтарға “Шу ауданына сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісін табыс еттім. Бұдан бөлек, сала мамандарына Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табыс етілді.
ҚҰРМЕТТІ ҚҰТҚАРУШЫЛАР!
Сіздерді тағы да кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, асқаралы абырой тілеймін! Ел қауіпсіздігі мен тыныштығы жолында жасап жатқан еселі жұмыстарыңыз табысты болсын!

 

Сәкен Арубаев, Шу ауданының әкімі

Comments (0)
Add Comment