Құрылыс жұмыстары қарқын алуда

Сондай-ақ бюджеттен 4,3 миллиард теңге бөлініп, бүгінгі күнге дейін 2,5 миллиард теңге игерілген. Қалған қаражатты жыл соңына дейін игеру жоспарлануда. Сонымен қатар ағымдағы жылы №15 ықшамауданда 71 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысына 22,7 миллиард теңге бөлініп, жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі таңда, 42 көп қабатты тұрғын үйдің 13-і қабылданса, қалған 33 тұрғын үй жыл соңына дейін аяқталмақ. Тағы 29 жаңа тұрғын үй бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсына ұсынылды. Сондай-ақ, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес, №15 ықшамауданында қалған соңғы 16 тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Алайда, аталған тұрғын үйлерді А.Асқаров көшесінің соңына ауыстыру бойынша шешім қабылданған.

Жұмаш Жолболды

Comments (0)
Add Comment