Құрылыс қарқыны бақылауда

19 қазан күні ауданымызға жұмыс сапарымен Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов келіп, аудан әкімінің орынбасары Е.Нұралиевпен бірге құрылыс нысандарын аралады.
Алдымен Гвардейск қалашығындағы BSL-4 лабораториясының құрылысымен танысқан облыс әкімінің орынбасары жұмыс барысына жақсы бағасын берді. Жоғары контагиозды, емдеу әдістері мен қарсы вакциналары жоқ патогендерді зерттеуге арналған лабораторияның құрылысы қазіргі таңда кестеге сай іске асырылуда. Облыс әкімінің орынбасары жұмыс жайымен танысып, мердігерлердің есебін тыңдап, бірқатар ұсыныстарын айтты.
Қордай ауылында құрылысы қарқынды жүріп жатқан тағы бір нысан – «Батыс» ықшам ауданындағы Полиция бөлімінің жаңа ғимараты. Қазаншұңқыры қазылып, іргетасы құйылған нысанда қазіргі таңда қабырғасын көтеру жұмыстарына дайындық жүруде. Мердігерлердің айтуынша құрылыс кестеге сай жүргізіліп, бекітілген уақытында қолданысқа берілмек.
Сапар барысында облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, мердігерлерге нысандарды бекітілген мерзімге сай пайдалануға берудің маңыздылығын ескертті. Келесі кезекте облыс әкімінің орынбасары Ауқатты ауылына барып, онда бой көтеріп жатқан спорттық сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты. Мердігерлер келісім шартқа сәйкес жұмысты жүргізіп, уақытысында аяқтауға бел буған. Нысанды аралап шыққан қонақтар жауапты тұлғалардың есебін тыңдап, бірқатар ұсыныстары мен ескертулерін айтты. Сортөбе ауылында орналасқан тағы бір бірегей нысан 75 адамға арналған Ішкі істер департаменті бөлімшесінің құрылысы қазіргі таңда қарқынды жүруде. Аталмыш құрылыс алаңына арнайы барған Е.Ибрайханов жұмысты жүйелі жүргізіп, мерзім мен сапаға көңіл бөлуге шақырды.
Comments (0)
Add Comment