ҚҰРМЕТТІ БЕРІК АҒА!

Сіз – жыршылық өнердің, терме дәстүрінің нағыз жанашырысыз.
Сіздің орындауыңыздағы жырлар мен термелер ел руханиятының баға жетпес мұрасы болып табылады. Этнограф ретінде де ұлттық құндылықтарымызды зерттеп, дәріптеп келесіз.
Бүгінде Тараз қаласында ескерткіштерді қорғау ісімен айналысып, тарихи мұрамызды сақтауға қосып жүрген үлесіңіз зор.
Сіздің бас қосқан жеріңізде ауыз әдебиетіміз бен қазақ тарихы туралы ескі, есті әңгімелерді майын тамызып айтатын шеберлігіңіз бізді әрдайым рухани байытады. Сізден тыңдаған әрбір әңгіме – өткеннің шежіресі, ұлттың асыл қазынасы.
Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, шығармашылығыңызға шабыт тілейміз!
Ұлт мәдениетінің шырақшысы болып, әлі талай асуларды бағындыра беріңіз!
Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары
Comments (0)
Add Comment