ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР БЕС АЗАМАТПЕН ТОЛЫҚТЫ

Кеше аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс XXXVI сессиясы аудандық мәслихаттың хатшысы Бақтияр Ақбаевтың төрағалығымен өтті.  Сессияға аудандық  мәслихаттың 17 депутатының 15-і, аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов, ауыл, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Сессияда «2022-2024 жылдарға арналған Байзақ ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №21-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Дулат Жақыпбеков баяндады.
Күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша депутаттар А. Жантаев, А. Айтбеков, Б. Ақбаев, Ш. Байтақова, Г. Ермекова, Г.Ешеевалар өздерінің Суханбаев атындағы мектеп қазандығын газға қосу, мектеп ауласын дұрыстап қоршау, аудан орталығындағы 4 мектеп қазандығының жайы, ауыл мектептеріндегі спорт залдарын спорттық жарыстарға пайдалану, бос уақыттарында ауыл азаматтарының спортпен айналысуларына жағдай жасау, Талас ауылы жастарына спортпен айналысуға мүмкіндік туғызу, тағы да басқа мәселелер туралы өз пікірлерін білдірді.Айтылған мәселелерді мұқият тыңдаған аудан әкімінің орынбасары Дәуір Рысбайұлы айтылған ұсыныс – пікірлерге байланысты жұмыстар жасалатынын жеткізді.
«Байзақ ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы аудан әкімінің орынбасары Д.Дәулетов хабарлама жасады.
Депутаттардың қолдауымен Байзақ ауданы полиция бөлімі ардагерлер ұйымының төрағасы, еңбек ардагері Джуанышев Фермебай Байсерікұлы, зейнеткер, еңбек ардагерлері Ахметов Болат Мұқашұлы, Әмірбек Бозғұлов, «Әулие-Ата Феникс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Жүнісова Фарида Амансарықызы, Мырзатай ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы, еңбек ардагері Әлімбаев Амангелділер «Байзақ ауданының Құрметті азаматы» атанды. Осылайша ауданның Құрметті азаматтары қатары тағы бес азаматпен толықты.

Сүндетулла АБЫЛАШҰЛЫ.

Comments (0)
Add Comment