«ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ» АТАНДЫ

25 қазан Республика күні мерекесі қарсаңында ауданымыздың дамуына өз үлестерін қосқан бірқатар азаматтар Сарысу аудандық мәслихатының шешімімен «Сарысу ауданының Құрметті азаматы» атанды.
Олардың қатарында білім саласының ардагері Сәтбек Иманбеков, көлік саласының ардагері Алдаберген Жұманбаев, ішкі істер саласының ардагері Қалдыбай Тұрманов, өндіріс саласының ардагері Срайыл Несіпбеков, Сарысу ауданының бұрынғы әкімі Балабек Нарбаев, жеке кәсіпкер Айбаршын Жұмадилова, әнші, композитор, Қазақстанның өнеріне еңбегі сіңген қайраткер Қайрат Жүнісов бар.
«Сарысу ауданының Құрметті азаматы» атанған азаматтарға арнайы куәліктер мен төсбелгілерді аудан әкімі Сәкен Мамытов пен аудандық мәслихаттың төрағасы Шаттық Мұсабеков салтанатты жағдайда табыс етті.
Марапаттарыңыз құтты болсын, құрметті марапат иелері!
Comments (0)
Add Comment