Құлсарыда су тасқыны кезінде әкесі мен баласы жоғалған: Ер адамның мәйіті табылды

Бұған дейін Жылыой ауданы Құлсары қаласында 48 жастағы ер адамның ұлымен бірге су басқан үйін көруге шыққаны, бірақ оралмағаны хабарланған болатын. Кейін олардың көлігі табылған еді.

Марқұмның қызы құзырлы органдар жоғалған адамдарды іздемейтінін алға тартты. Осыдан кейін қосымша күштер тартылған болатын.

Бүгін ер адамның денесі олардың үйінен 1 км қашықтықта табылды. 24 жастағы жігітті іздеу жалғасуда.

2000 жылы туған ұлын іздеу жұмыстары жалғасуда. Оларға жеке құрамның 40 қа жуық адамы жұмылдырылған,

«Атырау облысының ТЖД азаматтарды су тасқыны кезеңінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады», — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 7 сәуірде Құлсарыда екі адамның денесі табылған еді. 6 сәуірде 1974 жылы туған ер адам досымен бірге тиісті рұқсатсыз су басқан тұрғын үйді тексеру үшін трактормен кетіп, жолда, аударылған.

9 сәуірде сағат 12:27-де Құлсары қаласында «Рамазан» дүкенінің жанында Атырау облысы ТЖД құтқарушылары судан ер адамның мәйітін тауып алып шықты.

 

https://stan.kz/news-398471/
Comments (0)
Add Comment