Бүгін Саудакент ауылында «Заң мен Тәртіп» апталығы аясында халықпен кездесу өткізілді. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов, аудан прокуроры Елдос Әмірхан, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, құқық қорғау органдарының өкілдері мен мекеме, бөлім басшылары қатысты.
Тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында өткізілген жиында аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өтіп жатқан апталықтың маңыздылығын айтып, алдағы уақытта осындай форматтағы кездесулер жалғасын табатынын жеткізді.
Кездесу барысында қоғамдық қабылдау өткізіліп, тұрғындарға тиісті кеңестер берілді. — Мемлекеттің бағдарламасы шеңберінде іске асып жатқан жобаларға ауыл тұрғындары оң көзқараспен қарайды. Бұл кездесудің мәні тереңде. Заң аясында консультативтік кеңестер тұрғындар үшін қашан да маңызды, дейді саудакенттіктер.
и ещё 5
Все реакции:
25Құдайберген Рысдәулет Жамбылұлы, Sarysu Audandyk Karji Bolimi и ещё 23