Құқықтық комиссия отырысы өтті

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен аудандық комиссия отырысы өтті
Жиынға комиссия мүшелері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері, тиісті мекеме басшылары, аудандық прокуратура өкілі қатысты.
Күн тәртібінде алғашқы мәселе бойынша «ҚР Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының» және нашақорлық пен есірткі қылмыстарына қарсы бағытта атқарылған жұмыстардың тиімділігі туралы” аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Ғабиден Егембердиев пен аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Айнұр Каликова баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша “ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес атқарылған жұмыстар және «Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлерін өтеусіз негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту» туралы” аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Салтанат Жақсыпейілова және аудандық мәдениет үйінің директоры Роза Өтембаеваның есебі тыңдалды.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, аудан басшысы бірқатар мекеме, бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

Comments (0)
Add Comment