Бүгін «АMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында заңгер Бегалиев Ханат Әбдірахманұлы тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Қабылдауға алдын ала жазылған қала тұрғындарымен қатар Байзақ ауданының тұрғындары келіп, өз өтініштерін білдірді.
Тараз қаласының тұрғыны Виктор есімді азамат өзі ІІІ топ мүгедегі, сондай-ақ, мүгедек балаға қараушы екенін айтты. Мәселесі тұрғын үй кезегіне ұзақ жылдар тұрғанымен, кезегінің келмеуіне наразы. Екінші мәселесі жұмыс орнында әріптестерінің қысым көрсетуіне байланысты, қайда шағымданатынын сұрайды.
Заңгер өтініш иесінің сауалдары бойынша құқықтың кеңесін бере отырып, мәселесін назарына алып, шағымдану әрекеті бойынша бағыт-бағдар көрсетті.
Ал, Лариса есімді тұрғын алған несиелерін уақытылы төлемегені үшін, ескертусіз есеп шоттарын бұғаттағанына келіспейді. Ендігі кезекте зейнетақысын ала алмауда. Өтініш иесінің мәселесі бойынша есеп шотын бұғатқа қойған жеке сот орындаушысы анықталып, арнайы әлеуметтік шот ашылғаннан кейін, несие берешегін белгіленген сомада ғана ұсталатынын түсіндірілді.
Қарлығаш есімді азаматша да несиесін төлеу кезінде қиындықтар туындағанын айтып, несие өтеу кестесін ыңғайлы, жеңіл шартты кестеге келтіріп беруді сұрап қайырылды. Өтініш иесіне несие кестесін қайта жасау үшін тиісті банк бөлімшесіне бару арқылы жасалатыны айтылды.