Бүгін Партия аудандық филиалына құқықтық кеңес алу үшін Шақпақ ата ауылының тұрғыны келді. Аталған азамат несие рәсімдеп, бірнеше ай төлей алмағандықтан жеке есепшоттары бұғатталған. Аталған мәселе бойынша заңгер Н. Алагөзовке бейнебайланыс арқылы хабарласып, тиісті құжаттарды жинақтап, заң орындарына өткізу қажеттілігі айтылды.