Аудан әкімі Нұрбол Жүнісбековтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.
Комиссия отырысында – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылып жатқан шаралар қаралды.
Жиынға арнайы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Превенция басқармасының басшысы Бәйгебаев Қайрат қатысты.
Басқосуға комиссия мүшелері, аудан әкімдігіне қарасты бөлім басшылары мен Қаратау қаласы және ауылдық округ әкімдері мен тиісті мекемелер қатысқан болатын.
Комиссия отырысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндама жасалды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимыл саласын одан әрі жетілдіруді және Заң талаптарының сақталуын қамтасыз ету мақсатында тиісті жұмыстар атқарылатын болады.