«Құдалар сырға салады»: Тұрсынбек Қабатов қыздарына құлағын тесуге тыйым салған

Ғаламтор

https://turkystan.kz/article/264074-qudalar-syrga-salady-tursynbek-qabatov-qyzdaryna-qulagyn-tesuge-tyiym-salgan
Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов үш қызына құлағын тесуге тыйым салған. Бұл туралы Тұрсынбектің қыздары Динара Сәтжанға берген сұхбаттарында айтты, деп жазады turkystan.kz.

Олар аналары Мөлдір Мұқановамен бірге сұхбат берген.

Қыздардың айтуынша әкелері «Құдалар келіп, сырға салғанда құлақтарыңды өздері теседі» деген көрінеді.

Тұрсынбек тіпті арасында қыздарының құлағы тесілген-тесілмегенін тексеріп тұрады екен. Оның бұл шешіміне қыздары да қарсы емес – бәрі әкелерінің сөзін құрметтеп, бүгінге дейін құлақ теспей жүрген көрінеді.

 

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/264074-qudalar-syrga-salady-tursynbek-qabatov-qyzdaryna-qulagyn-tesuge-tyiym-salgan

Comments (0)
Add Comment