«ҚУАТТЫ ӨҢІРЛЕР – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ДРАЙВЕРІ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ

✔️Әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Қарасаз ауылдық округінде «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы және көші-қон саясатының 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы жинақы тұратын этностар өкілдерінің хабардар болу деңгейін арттыру тақырыбында этнос өкілдерімен кездесу өтті.

〽️Кездесуге Жамбыл облысы ҚХА мүшесі, «Тараз қаласы өзбек орталығы» қоғамдық бірлестігі төрағасы-Зайнутдинов Абдурахман Юлдашевич, облыстың шешен-ингуш этно-мәдени бірлестігінің «Аналар кеңесі» мүшесі-Шаметова Роза Рамазановна қатысып, «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде Қазақстанның этникалық топтарының өкілдері арасында еліміздің еңбек тапшылығы бар өңірлеріне ерікті түрде көшіруге ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу соңында тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізілді.

 

Жуалы ауданы

Comments (0)
Add Comment