Арамызда көзге көріне бермейтін, бірақ ерекше күтімді қажет ететін адамдар бар. Біріміз оларды мүмкіндігі шектеулі жандар, енді біреулеріміз ерекше жандар деп атаймыз. Бұл топтағы азаматтарға біздің басқарманың көрсететін қолдауы мен көмектері бар. Мүгедек жандарға көмек көрсету – еліміздегі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екені де белгілі.
Бүгін — Халықаралық зағиптар күні.
1745 жылдың 13 қарашасы күні Францияда, Парижде және Петербургте зағиптарға арналған бірнеше мектептің негізін қалаған танымал педагог — Валентин Гаюи дүниеге келді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен нақты осы дата Халықаралық зағиптар күнін белгілеуге негіз болды.
Бүгінде облысымызда көзі көрмейтін шамамен 2000-ға жуық адам бар.
Биыл «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігіне 85 жыл толып отыр. Аталған бірлестіктің облыстық филиалында 320 адам тіркелген.
Ағымдағы жылы облыста 687 көзі әлсіз көретін жандар шипажай-курорттық емделуге жолдама алса, 922 адам мемлекет тарапынан мүгедектігіне байланысты оңалтудың түрлі техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз етілді.
Зағип жандардың өмір сүру сапасын жақсарту және облыстың қоғамдық, мәдени өміріне белсене қатыстыру, шығармашылық қабілеттерін арттыруға мүмкіндік беру, көзі көрмесе де асыл сөздің мәнін білетін жандарға осындай шараларды ұйымдастыру арқылы қуаныш сыйлау жұмыстары тұрақты жүргізіледі.
Бүкіл қоғам болып мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау – біздің баршамыздың азаматтық міндетіміз!