Қожалық басшысы 52 жастағы азаматты 15 ай бойы құлдықта ұстаған

Шығыс Қазақстан облысындағы шаруа қожалық басшысы 52 жастағы азаматты 15 ай бойы құлдықта ұстаған деп хабарлады turkystan.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігінің онлайн брифингінде ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек осындай мәлімдеме жасады.

«Шығыс Қазақстан облысында еңбекті заңсыз пайдалану фактісі анықталды. 1986 жылы туған шаруа қожалық басшысы 1971 жылы туған жергілікті тұрғынды зорлық-зомбылық көрсетіп, қорқыту арқылы 2022 жылдың желтоқсанынан 2023 жылдың наурызына дейін еңбекке қанап келген. Ер адам үй шаруашылығында және мал күтімінде жұмыс істеуге мәжбүр болды», – деді Шұғыл Тұрлыбек.

Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

«Ал жәбірленуші адам саудасының құрбандарына арналған дағдарыс орталығына орналастырылды», – деді ІІМ өкілі.

https://turkystan.kz/article/218760-kozhalyk-basshysy-52-zhastagy-azamatty-15-ay-boyy-kuldykta-ustagan/

Comments (0)
Add Comment