Деректерге сай, жәбірленуші Ильина М.А. «Ale Company» ЖШС-де супервайзер болып жұмыс істеген. Оның міндетіне тауар қораптарын шығарып, сөреге қою кірді. Өнімдерді реттеп жатқанда оның қолына қораптар түсіп, саусағы қайырылып бірінің тырнағы түсіп қалған. Ол дереу әкімшіге қоңырау шалып, ол жедел жәрдемге баруға кеңес алған.
Жәбірленушінің де бір-біріне талап-арыздары болған жоқ. Бірақ еңбек инспекциясы бұл істі қараусыз қалдыруға болмайды деп есептеп, сотқа жүгінген. Айтпақшы, жазатайым оқиға туралы жедел жәрдем станциясы бірнеше күннен кейін ғана еңбек инспекциясына хабарлаған.
Әкімшілік мамандандырылған сот қол астындағы қызметкердің жарақатын еңбек инспекциясына хабарламағаны үшін кәсіпкерді кінәлі деп тапты.
Шешім қабылдау кезінде сот жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде өкіну мен кінәні мойындауды қабылдады. Нәтижесінде «Але Компани» ЖШС-не 338 100 теңге айыппұл салды.
“Кәсіпкер Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 187-бабы – жұмыс берушінің өндіріспен байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру кезіндегі міндеттерін бұзған. Жарақаттың жеңіл болғанына қарамастан, заң бойынша кәсіпорын 24 сағат ішінде еңбек инспекциясына хабарласуы керек еді, бірақ олай істемегені үшін жауапқа тартылады”, – делінген хабарламада.
https://stan.kz/kostanaylik-kasipker-kizmetkeri-tirnagin-zharakattap-al-395608/