Қостанайдағы өрт: зардап шеккендерге жаңа үйдің кілті берілді  

22 қазанда Қостанай облысының Әулиекөл ауданында болған орман өрттің салдарынан бір сәтте баспанасыз қалған 91 үйдің тұрғындары үшін қаунышты сәт. Оларға Республика күні қарсаңында жаңа үйлердің кілттері табыс етілді деп хабарлады turkystan.kz baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Әр үйде жуынатын бөлме, газ қазандығы мен пеші орнатылған. Демеушілердің көмегімен жаңа үйге қоныстанып жатқан әр отбасына тоңазытқыш тарту етілді. Жаңа баспаналарын көрген бұрынғы Аманқарағай ауылы тұрғындарының қуаныштарында шек жоқ. Олар осындай қиын-қыстау кезде қолұшын созған еліміздің әрбір азаматы мен атқарушы билік өкілдеріне алғыстан басқа айтары жоқ.

Рекордтық аз уақытта «Бірлік» атты шағын ауданды салып шыққан құрылыс компанияларына алғыс айтамын. Қостанай жұрты, қала берді тұтас еліміз осындай қиын кезде нағыз біріліктің үлгісін көрсеттті. Сондықтан осы шағын ауданның атауында да ерекше мән бар, – деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.

Салтанаттты рәсімнен кейін облыс әкімі бастаған билік өкілдері үйді-үйді аралап, құрылыс жұмыстарының сапасын тексеріп шықты.

Айта кетейік, өрттен зардап шеккен тұрғындар үшін 12 сотық жерге салынған әр үйдің ауданы 100 шаршы метр. Төрт бөлмеден тұрады. Әрбір үйге табиғи газ бен  ауыз су тартылғанен. Ғаламтор желісі де бар. Бұл қызметті  тұрғындар бір жыл тегін пайдаланады.

Comments (0)
Add Comment