Қостанайда күйеуімен ұрысқан әйел орманға барып, адасып кеткен

1981 жылы туған келіншек күйеуімен ренжіскен соң, орманға барып, адасып кеткен.

 видеодан скриншот

Қостанайлық құтқарушылар Әулиекөл ауданының Бағаналы ауылының маңында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Іздестіру жұмыстарына Қостанай облысының ТЖД құтқарушылары, полиция қызметкерлері, еріктілер, сондай-ақ ұшқышсыз ұшатын аппараттар, иттер мен тікұшақ жұмылдырылған.

Келіншекті №15 өрт бөлімшесінің өрт сөндіруші – құтқарушылары Данияр Айгелов пен Назарбек Брахмет тапқан.

Келіншекке медициналық көмек қажет болмады.

https://turkystan.kz/article/247979-kostanaida-kuieuimen-uryskan-iel-ormanga-baryp-adasyp-ketken
Comments (0)
Add Comment