Республиканың ең белсенді ауыл әйелдері бас қосып, ауылдың тұрақты дамуына қатысты сындарлы ұсыныстарын білдіре алатын форум осымен алтыншы рет өткізіліп отыр. «Ауыл әйелдерінің форумы» әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және ауыл тұрғындарын нәтижелі жұмыспен қамту арқылы ауылдың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын арттырудың жолдарын іздейтін, бастамаларды талқылайтын алаңға айналды.
Көшбасшы әйелдердің қатысуымен өтетін шаралар марафоны Қостанайдан бастау алды. Бүгінгі жиынға Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының өкілдері бас қосты. Осынау ауқымды жұмыстың нәтижесі биылғы жылдың қараша айында Астанада барлық облыстардан келген делегациялардың қатысуымен өтетін ауыл әйелдерінің VII республикалық форумы болмақ.
– Соңғы алты жылда аймақтарда ауылдық әйелдер форумын өткізу дәстүрге айналды. Жеке шаруа қожалықтарының дамуын, мемлекеттік бағдарламалардың жаңалықтарын, әлеуметтік саладағы жетістіктерді бас қосып, талқылап жатырмыз. Форумға қатысушылар Coca-Cola Belesteri жобасының бизнес негіздері және Farmer school онлайн фермерлік шаруашылығы бойынша тренингтер арқылы практикалық білім алады», — деп түсіндірді Қазақстан ауыл әйелдері форумын ұйымдастыру комитетінің төрайымы, Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің IV,V,VI шақырылымдары депутаты Майра Айсина..
Форумға келген 200 жуық қонақтардың ішінде кәсіпкерлер мен әлеуметтік нысандардың өкілдері бар. Қатысушылардың одан да көп саны Қостанайдағы форумға онлайн қосыла алды. Кәсіпкерлер еңбегінің жемісін жыл сайынғы «Coca-Cola Белестері» байқауының жеңімпаздары мен Қостанай облысының қолөнершілерінің қатысуымен ұйымдастырылған өнім жәрмеңкесінде көруге болады. Қонақтар қолдан жасалған зергерлік бұйымдарды, қолөнер, сүт өнімдерін, ойыншықтарды, үй тоқыма бұйымдарын және сәндік бұйымдарды сатып алуға мүмкіндіктері болды.
Өңірлік форумдардың нәтижесі қарашада Астанада өтетін Қазақстан ауыл әйелдерінің VII республикалық форумы алаңында әр облыстан келген делегаттардың қатысуымен өтеді.
https://turkystan.kz/article/246717-kostanaida-audandyk-auyl-ielderinin-forumy-otti