Тараз қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №25 мекеменің кадр және тәрбие жұмысы бөлімінің қызметкерлері, әділет капитаны Емісбеков Бекарыс және әділет аға лейтенанты Манап Меруерт Жуалы ауданында кәсіби бағдар беру және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп бітіруші түлектерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына оқуға түсуге тарту және құқық қорғау саласындағы мамандықтардың маңыздылығын түсіндіру болды.
Кездесу барысында әділет капитаны Емісбеков Бекарыс және әділет аға лейтенанты Манап Меруерт академияға қабылдау талаптары, оқу үдерісі, курсанттарға жасалатын әлеуметтік жағдайлар, мемлекеттік қамтамасыз ету және оқу орнын тәмамдағаннан кейінгі қызметтік мүмкіндіктер туралы жан-жақты ақпарат берді.
Сонымен қатар, жастарға қылмыстық-атқару жүйесіндегі қызметтің ерекшеліктері түсіндіріліп, Отанға адал қызмет етудің маңызы туралы айтылды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан нақты жауаптар алды.
Мұндай кәсіби бағдар беру кездесулері жастардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына және құқық қорғау органдарында қызмет етуге қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.