Күні кеше, ҚР Парламенті Сенаттың аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің көшпелі отырысы Жамбыл өңірінде өткізілді.
Көшпелі отырыс облысымыздағы суару жүйелерін жаңғырту және су шаруашылығы мамандарын даярлау, отандық өндірушілерді қолдау, сондай-ақ инновациялар мен тұрақты ауыл шаруашылығы әдістерін дамыту мәселелеріне бағытталды.
Сонымен қатар, іссапар барысында комитет мүшелері облысымыздың бірқатар нысандардың жұмысымен танысты.