КӨРСЕТКІШТЕРДІ ЖОСПАРДАҒЫДАЙ ОРЫНДАЙ АЛДЫҚ

Өткен жылдың республикалық және облыстық жоспарларын ойдағыдай орындай алдық. Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Сәбитұлының төрағалығымен өткен алқа мәжілісінде басқарманың 2022 жылы атқарған жұмыстары мен ағымдағы жылға арналған міндеттер мен жобалар бойынша баяндама жасадым. Сан саланы қамтитын басқарманың жұмысы туралы оқырмандармен де бөлісе отырайын, есебім болсын.
Мемлекеттік жеңілдіктер мен қолдауларды ел игілігіне қолдана алдық. Аймақта жұмыспен қамтылған 503,6 мың адам бар, оның ішінде жалдамалы жұмысшылар 334,5 мың, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 169,1 мың адам болса, жұмыссыздар саны 26,2 мыңды, яғни жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрап отыр. Басқарманың негізгі міндеті де — осы. Жұмыссыздық деңгейін төмендету, тұрғындарды жұмыспен қамту.
ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСҚА 35590 АЗАМАТ ОРНАЛАСТЫ
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын құру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, облыстық жоспар 6,2 мың жұмыс орнын құрады. Бүгінгі күнге облыста 15,4 мың жұмыс орны құрылды. Өткен жылы Ұлттық жоба аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 49500 адамды тарту жоспарланған болатын. Жоспарды артығымен яғни, 152,7 пайызға орындап, 75565 адам белсенді шараларға тартылды. Оның ішінде бос жұмыс орындарына 35590 тұрғын, алғашқы жұмыс орындарына 185, әлеуметтік жұмыс орындарына 1168 адам, жастар практикасына 1840 түлек, ақылы қоғамдық жұмыстарға 9847 жұмыссыз азаматтар тартылды. Ал «Күміс жас» жобасына 281, Ұрпақтар келісімшартына 33 адам жолданды. Жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес оқыту курстарына 933 адам, жұмыс берушінің жұмыс орнында оқыту курстарына 391 адам, онлайн оқытуға 1619 адам, «Бастау бизнес курстарына» 21044 адам жіберіліп, 2634 адам мемлекеттік грантты алды.
Ал қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарына 1241 адам оқытуға жоспарланып, көрсеткіш артығымен орындалды. 1254 адам оқуын аяқтап, оның 913-і немесе 73 пайызы жұмысқа орналасты.
Үстіміздегі жылы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 54156 адамды тарту жоспарлануда. Оның ішінде 32093 азамат тұрақты жұмыс орындарына орналастырылатын болады. Көрсеткіштерді артығымен орындауға күш салатын боламыз.
2023 жылы «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша онлайн оқыту курстарымен 4000 адамды қамтып, 1054 адамға мемлекеттік қайтарымсыз гранттарды беру жоспарлануда. Өткен жылы атаулы әлеуметтік көмекпен 47584 адамды қамту жоспарланып, оларға барлығы 3,8 млрд.теңге қаржы қарастырылды.
Жылдың басынан бастап, атаулы әлеуметтік көмек 9219 отбасындағы 48298 адамға төленді.
Кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен АӘК алушы отбасылардағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 12284 бала қамтылды. АӘК алушылар қатарындағы еңбекке жарамды мүшелерінен 10136 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды.
2023 жылы атаулы әлеуметтік көмекпен 58340 адамды қамту жоспарлануда. Ал кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен АӘК алушы отбасылардағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 16027 баланың қамту жоспарланған.
РЕСПУБЛИКАДАҒЫ АЛДЫҢҒЫ КӨРСЕТКІШТІ ҚҰРАДЫ
Бүгінже облыс бойынша 45388 мүгедектігі бар адам тіркелген. 2022 жылы әлеуметтік қызметтер ұсыну порталында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жеке оңалту бағдарламаларының орындалуы 95,7%-ды құрап отыр (жылдық жоспар – 85%). Порталда 23565 өтініш тіркеліп, 22548 өтініш қанағаттандырылды. Бұл республикадағы алдыңғы екінші орынның көрсеткішін құрады.
«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес, 2022 жылы стандарттарға сәйкес келетін бейімделген объектілердің үлесі шамамен 40%-ды құрауы тиіс болатын. Осыған байланысты облыс бойынша 2021-2025 жылдары 1295 нысанды, ал 2022 жылы Тараз қаласы мен аудандарда 259 нысанды бейімдеу жоспарланған.
Тараз қаласы мен аудандарда 2022 жылы бейімдеу жұмыстарындағы 259 нысанға 191,3 млн теңге қаржы бөлініп, 259 нысан бейімделуден өтіп, ол жылдық жоспардың 100 пайызын құрады, 40 пайыздық меже де толық орындалды.
2023 жылы әлеуметтік қызметтер ұсыну порталында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жеке оңалту бағдарламаларын 90,0%-ға орындау жоспарланып отыр.
Жыл қорытындысымен аталған көрсеткіштерді толығымен орындап, ел игілігіне бағытталған қолдауларды тиісті деңгейде атқаратын боламыз.
Еркін Келесов, Жамбыл облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
Comments (0)
Add Comment