Коронавирустан емделіп жатқандар саны 24 мыңнан асты

Бүгінде 12 науқас өте ауыр халде жатыр

Қазақстанда бір күнде 3 мыңнан аса адам COVID-19 жұқтырды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 3095 дерегі тіркелді:

  • Нұр-Сұлтанда – 918,
  • Алматыда – 694,
  • Шымкентте – 78,
  • Ақмола облысында – 119,
  • Ақтөбе облысында – 47,
  • Алматы облысында – 101,
  • Жетісу облысында – 129,
  • Атырау облысында – 76,
  • Шығыс Қазақстан облысында – 25,
  • Абай облысында – 55,
  • Жамбыл облысында – 121,
  • Батыс Қазақстан облысында – 87,
  • Қарағанды облысында – 327,
  • Ұлытау облысында – 35,
  • Қостанай облысында – 55,
  • Қызылорда облысында – 63,
  • Маңғыстау облысында – 36,
  • Павлодар облысында – 67,
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 40,
  • Түркістан облысында – 22.

Сондай-ақ 1571 адам коронавирустан айықты:

  • Нұр-Сұлтанда – 670,
  • Алматыда – 624,
  • Ақтөбе облысында – 10,
  • Алматы облысында – 6,
  • Жетісу облысында – 43,
  • Атырау облысында – 13,
  • Шығыс Қазақстан облысында – 41,
  • Жамбыл облысында – 35,
  • Батыс Қазақстан облысында – 15,
  • Қарағанды облысында – 40,
  • Ұлытау облысында – 13,
  • Қызылорда облысында – 14,
  • Маңғыстау облысында – 17,
  • Павлодар облысында – 9,
  • Түркістан облысында – 21.

Елімізде барлығы 1 306 614 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

29 шілдедегі мәлімет бойынша 24 285 адам коронавирус жұқтырған.

Оның ішінде 1 490 пациент стационарда, 22 795 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 36 адамның жағдайы ауыр, 12 пациенттің жағдайы өте ауыр, 5 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, — деп жазылған хабарламада.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы:

  • «Қызыл» аймақта тұрған өңір жоқ;
  • «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан;
  •  «Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.

Айта кетейік, кеше елімізде коронавирус 2 мыңнан аса адамнан анықталған еді.

halyq-uni.kz

Comments (0)
Add Comment