Қорғау нұсқамасын бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады

Қорғау нұсқамасын бұзу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 461-бабында қаралған.
Қорғау нұсқамасын бұзу жауаптылыққа әкеп соғады.
«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 20.04.2023 жылғы № 227-VII Заңымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 461-бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Заңды күшіне 01.07.2023 жылы енді.
«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
2023 жылғы 20 сәуірдегі № 227-VII
2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
461-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«461-бап. Қорғау нұсқамасын бұзу
1. Ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу –
он тәулікке әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
2. Осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекет –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»
Осы Заң 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қ. ТОҚАЕВ
Қазақстан Республикасының
Президенті

 

Comments (0)
Add Comment