Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қызметінен босатуды талап еткен петиция жарияланды.
«Руслан Жақсылықов министр болғалы бұқаралық ақпарат құралдарының беті жас сарбаздардың қазасы туралы тақырыпқа толып қалды. Сондай-ақ қазақ армиясында бейберекеттік болып жатыр. Ата-аналар балаларын әскерге жібергісі келмейді», — делінген петиция мәтінінде.
Еске салайық, президент қаңтар оқиғасынан кейін Руслан Жақсылықовты Қорғаныс министрі етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойған болатын. Мамыр айында генерал-полковник шеніне дейін көтерілді.