Түркияның Кахраманмараш, Газиантеп, Османие, Диярбакыр, Шанлыурфа провинцияларында болған жер сілкінісінде зардап шеккендерге қайырымдылық көмек көрсетуді қордайлықтарда қолға алды.
Масаншы, Сортөбе, Күнбатыс-1, Күнбатыс-2 және Бұлар батыр ауылының ерікті жастары мен кәсіпкерлері Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге 2 млн 500 мың теңге көлемінде жылу жинап, бүгін қажетті заттар тиелген жүк көлік жолға шықты.
Тұрғындар қолдан келгенше жылы киімдер, аяқ-киім, төсек-орын, күнделікті тұрмысқа қажет заттар, жеке бас гигиенасына арналған бұйымдарды алды. Айта кетейік, мұндай қайырымдылық шараларды ауданымыздың басқа ауыл азаматтары да қолға алып, қаржылай көмек көрсетуді ұйғарып отыр.
Қордай ауданының әкімдігі