Қордайдағы жылыжайларда енді көкөніспен бірге балық өсіріледі

Жылыжайда көкөніс пен бірге балықты да өсіруге болады. Енді мұндай заманауи технология Қазақстанда енгізілмекші. Оңтүстіккореялық компания осы жобаға 2 жарым миллион доллар инвестиция салуға дайын.

Владислав Цой, Twitter@Vladislav_Tsoy

– Бұл – ерекше жылыжай. Осында тек көкөніс пен жеміс-жидек ғана емес, балық өсіруге болады. Ал өсімдікті суару үшін жерасты аквариуымының сүзгіден өткен су түрі қолданылады. Осылайша, өнертапқыштар елді экологиялық таза өніммен қамтамасыз етіп отыр.

Сыртынан да, ішінде де бұл – қарапайым жылыжай. Осында салат жапырақтары және басқа да көкөністер өсіріледі. Ерекшелігі – суару технологиясында.

Чон Джон Ук, жоба менеджері:

– Топырақтың үстіңгі қабатының астында балықты өсіруге арналған су қоймасы бар. Биосүзгіш суды қоқыс және аммонийден тазартады. Сосын қоректік заттарға бай сумен өсімдіктер суарылады. Әрі қарай пайдаланған тіршілік көзі балықтарға келеді. Осылай су айналып жүреді.  

Су температурасын, топырақ ылғалдылығын, көмірқышқыл газ деңгейін және басқа да параметрлерін компьютер бақылайды. Ең маңызы, өсімдік тамырлары жылы жерде болуы керек. Сондықтан қыста қазақстандық жылыжайларда жылу жабдықтары ерекше назарда болады. Осындай нысананың құрылысы Жамбыл облысы Қордай ауылында басталды. Егер жоба сәтті жүзеге асса, мұндай кешендер еліміздің басқа аймақтарда да пайда болады.

Чон Джон Ук, жоба менеджері:

– Қазақстан нарығы біз үшін өте тартымды. Сондықтан өз технологияларымызды енгізуге дайынбыз. Жылыжайлар құрылысы біткеннен кейін жергілікті мамандарды оқытуды және техникалық көмек көрсетуді жоспарларлап отырмыз. Ал көкөніске сұраныс өссе, жылыжайлар санын көбейтеміз. 

Осындай технология арқылы төрт жүз тонна көкөніс және жылан балық пен бекіре секілді қырық тонна балық өсіруге болады.  Қазақстан алғашқы өнімді келесі жылдың бірінші тоқсанында алуды көздеп отыр. Балық пен көкөністі Ресей мен Орталық Азия елдеріне экспорттау жоспары бар.

24.kz

Comments (0)
Add Comment