Қордайда 1 жасар бала терезеден құлап кетті

Қордай ауданындағы Гвардейский кентінде 1 жасар сәби 2-қабаттан құлап кетті.

Оқиға кеше кешкі сағат 18:00-де орын алған. 5 қабатты тұрғын үйде орналасқан пәтерде ата-анасының қарауынсыз қалып қойған балдырған ойын барысында терезеден ауып кеткен.

Қазіргі таңда бүлдіршін көптеген жарақаттармен Қордай аудандық орталық ауруханасына жатқызылған.

Облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының берген мәліметіне сүйенсек, зардап шеккен балаға жабық бас сүйек-ми зақымы диагнозы қойылған. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

Comments (0)
Add Comment