Ағымдағы жылдың сәуір айында «Таза қазақстан» республикалық акциясы аясында бастау алған Қордай ауылындағы ауылішілік жолдардың жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Бүгінде ауылдың Төле би, Кенесары, Қордай, Байзақов сынды автокөлік көп жүретін орталық көшелердің жұмысы толық аяқталды.
28 мамыр күні экологиялық акция аясында Қордай ауылының Домалақ ана көшесінің жөндеу жұмыстары басталды.
«Қордай ауылының жолдарының жағдайы, әсіресе осы Домалақ ана көшесінің тұрғындарынан көп шағым түсетін. Міне, бүгін тұрғындар көтерген тағы бір мәселе шешемін тапқалы отыр. Жол жөндеу жұмыстарының сапалы әрі мерзімінде аяқталуы аудан әкімнің тікелей бақылауында», деп атап өтті аудан әкімінің орынбасары Б.Сахатов.
Өз кезегінде ауыл тұрғындары да ризашылықтан білдіріп, аудан әкімдігіне алғысын жеткізді. «Домалақ ана көшесі Қордай ауылының басты көшелерінің бірі болғандықтан көлік көп жүреді. Тиісінше жиі жолдары бұзылып, жүруге қиындық туғызып жатады. Көшеміздің жөнделіп жатқанын көріп, қуанып тұрмыз», деп ауыл тұрғыны Ғ.Ақшабаева пікір білдірді.
Айта кетейік, жалпы Қордай ауылындағы жөндеуді қажет ететін 3600 шаршы метр 80-ге жуық ауылішілік және республикалық маңызы бар автожолдарға ағымды және шұңқырларды жамау жұмыстары жүретін болады.
Қордай ауданы