Қордай ауданында жаңа мәдениет үйі ашылды

Республика күніне орай Қордай ауданының Үлкен Сұлутөр ауылында 90 орындық жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді.

Салтанатты шараға аудан әкімі Бегзат Болатбеков, аудандық мәслихат төрағасы Нұрдин Садықов және ауыл тұрғындары қатысты. Ауыл ақсақалы Мұқан Алтынбеков ақ батасын беріп, рухани орданың лентасын аудан әкімімен бірге Болат Жұрынов пен мәдениет саласының ардагері Людмила Насырова қиды.

Жаңа ғимаратта кең сахна, көрермендер залы және үйірме бөлмелері бар. Бұл ауыл өнерпаздарының шығармашылығын дамытуға мүмкіндік береді.

Нысанның тапсырыс берушісі – Қордай аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі, ал құрылыс жұмыстарын «Астанаэнергомастер» ЖШС сапалы әрі мерзімінде атқарды.

Жамбыл облысының әкімдігі
Comments (0)
Add Comment