Көпбалалы отбасына көмек көрсетті

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/2 мекемесінің ұжымы тек қоғам қауіпсіздігін сақтаумен ғана емес, қоғамдағы сан алуан өзекті мәселелерге баса назар аударуды өз міндеттері деп біледі. Оған мекеме бастығы, әділет подполковнигі Еркін Нұрбаев бастаған қызметкерлердің азматтық белсенділігі дәлел болып келеді.

Осындай ізгі мақсатпен 1 наурыз – Алғыс айту күні қарсаңында мекеме бастығы Еркін Нұрбаевтың бастамасымен, тәрбие жұмысы жөніндегі бастықтың орынбасары, әділет майоры Әміржан Дәулетқұлов және мекеме кадр саясаты бөлімінің бастығы, әділет аға лейтенанты Айгүл Жүнісованың ұйымдастыруымен игі шара өткізілді.

Оның аясында мекеме ұжымы 5 баласы бар көпбалалы отбасына көмек көрсетті. Атап айтқанда, алғашқы қажетті азық-түлік өнімдерін жеткізіп беріп, отбасының алғысын алды. Мұндай игі істер алдағы уақытта жалғасын таппақ.

 

Г. Ибраимова,

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті

ЖД-158/2 мекемесінің аға инспектор психологы,

әділет аға лейтенанты

Comments (0)
Add Comment