КӨПБАЛАЛЫ АНАНЫҢ ӨТІНІШІН ТЫҢДАДЫ

Дүйсенбі күні аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы Бектөбе ауылының тұрғыны Нұрлыкүл Өтегенованы қабылдап, өтінішін тыңдады. Нұрлыкүл Маханқызы осы уақытқа дейін тұрғын үй кезегіне тіркелмегенін айтып, көпбалалы ана ретінде баспана алу үшін кезекке қоюды өтінді. Өңір басшысы тұрғын үй алу үшін әуелі кезекке тұру қажет екенін, барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген кезден бастап тiзiмдерде белгiленген кезектілік тəртібімен берiлетінін атап өтті. Сондай-ақ тиісті сала басшыларына көпбалалы ананы тұрғын үй кезегіне тіркеуге қолғабыс етуді тапсырды.
Қабылдауға аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Рүстем Бегалиев, аудан әкімі аппаратының басшысы Самат Селеубаев, Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Асхат Саршаев және бөлім басшылары қатысып отырды.
https://www.facebook.com/photo/?fbid=830904792527777&set=pcb.830904889194434
Comments (0)
Add Comment