Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің қатысуымен көпбалалы аналарға «Алтын» және «Күміс» алқаларды табыстау рәсімі өтті.
– Бүгінде көне шаһар – Тараз тұрғындарының саны артып келеді. Ана мен баланы қорғау мақсатында да көптеген ілкімді істер қолға алынып, жарқын жобалар жемісін беруде. Бұл – мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі. Осыған орай көпбалалы аналарғrа жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Мұның барлығы сіздерге жасалып жатқан қамқорлықтың бір көрінісі, – деген шаһар басшысы 5 анаға «Алтын», 24 анаға «Күміс» алқаларын табыс етті.