Осы ретте, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл жастары арасынан шыққан азаматтарға арналған квота (ауыл квотасы) шеңберінде С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін 2023 жылы орташа 3,53 GPA мәнімен үздік аяқтаған Тәжбентаев Рамазан Әнуарұлы уәкілетті органның келісімі бойынша Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы лауазымына конкурстық іріктеусіз тағайындалды.