«Көңіл-күйім түсіп кетті»: Роза Әлқожа денсаулығы туралы айтты

 instagram.com/roza_alqozha

Отандық танымал әнші Роза Әлқожа денсаулығы сыр бергенін айтып, жанкүйерлерін уайымға салып қойды, деп хабарлады turkystan.kz.

Естеріңізге сала кетсек, ол сахнада ән айтып тұрған жерінде аяғын қайырып алып, тобығын ауыртқан еді.

«Соңғы кезде шауып-шапқылап жүрудің қадірін әбден түсіндім-ау! Үш апта бойы көтерсем де, төмен түсірсем де қақсаған аяғым гипстың ішінде әбден қиналыпты. Алдыңғы күні травматологқа барып «жиырма күн болды ғой, шешіп көрейік» десем, «тобық теп-тегіс боп, ісіп, көгеріп тұр. Түк өзгеріс жоқ, кальций іштіңіз бе өзі?!» дейді дәрігер. Көңіл-күйім түсіп кетті. Тағы 40 күнге жаңа гипс салып берді. Ештеңеге зауқым болмай үйде жаттым. Інім бір сынықшыны тауып, қағазымызды көрсетіп еді. «Қызыл асық орнынан тайып кеткен, соңғы екі башпайдың шыбығы айналып кеткен» дейді. Сонда 21 күн босқа азап көрген болып тұрмын. Сол сынықшы інімнің алдына барып, екі рет шаңқ ете қалғаным болмаса, жаным жәй тапты», – деп жазды әнші.

https://turkystan.kz/article/240921-k-il-k-yim-t-sip-ketti-roza-l-ozha-densauly-y-turaly-aytty

Comments (0)
Add Comment