Көнеден сыр шерткен киелі кешен

Тектұрмас архитектуралық кешені Талас өзенінің жағасына, Тараз қаласының оңтүстік-шығыс бөлігіне, айнала ортадағы биік төбеге салынған ежелгі қаситетті орын. Тектұрмас қасиетті сұлтан Махмуд хан жерленген жер деп саналады. Кешен негізі VІІІ-XI ғасырда, Ислам діні енгенге дейін қалана бастады. Ислам дәуірінде салынған кесененің өзі 1935 жылы қиратылған.

Қазіргі оның орнына ортағасырлық үлгідегі жаңа кесене салынып, қалпына келтірілді. Дәл қасында қазақтың Ұлы батыры Мәмбет батырдың моласы үстіне соғылған кесене бар. Кесене орналасқан төбеден төменде жатқан Тараз қаласының бар көрнісі жақсы көрінеді. Іргеде ағып жатқан, көне қалаға аты берілген Талас өзені адам әсерін күшейте түседі. Осы жерде Х-ХІІІ ғасырларда керуеннің өтуін жүзеге асыратын тас көпір болған. Сәулеттік кешен, сондай-ақ зиярат ету орны болап та табылады.

Comments (0)
Add Comment