Қазақстан Республикасының Грекиядағы Елшілігі мен Қазақстан – Грекия Іскерлік Кеңесінің бастамасымен өткен басқосуда Бақытжан Әмірбекұлы жаңа серіктес қаламен ынтымақтастық орнату екі шаһардың өзара дамуы үшін қолайлы екендігін, мәдениет, спорт, туризм, ғылым және білім беру саласында тәжірибе алмасуды жандандыруға мүмкіндік беретінін атап өтсе, мэр Георгиос Георгиопулус өз кезегінде 2000 жылдан астам тарихы бар ежелгі Олимпия Шығыс пен Батыстың халықтары мен мәдениеттерінің түйісетін жері екенін айтып, көне Таразбен достық, бауырластық қатынас орнатуға қуанышты екенін жеткізді.