Комменданттық сағат кезінде бір отбасыны түгелдей атып өлтірген: Алматыда қаңтарда оққа ұшқан отбасының өліміне қатысты сот басталды

Қаңтар оқиғалары кезінде кезінде бір отбасының үш бірдей мүшесі өз көлігінде оққа ұшқан еді. Кейін Ринат Баймолда марқұм Сейітқұловтардың ісі сотқа жіберілетінін мәлімдеген.

8 қаңтарда Нұрболат Сейітқұлов пен Алтынай Етаева және олардың 15 жастағы қыздары Нұрай Оразыхан Талдықорған қаласында кешкі тоғыздар шамасында жеке көліктерімен кетіп бара жатқанда арнайы жасақтың оғынан қайтыс болған.

20 қаңтарда өткен сотта тек Нұрболат Сейітқұлов пен қызы Нұрай Оразыханға қатысты іс қаралды. 50 жастағы Алтынай Етаеваға оқ атылғаны әлі дәлелденбеген. Оған қатысты тергеу жалғасып жатыр.

Отбасының екі мүшесінің өліміне қатысты істе Алматы облысындағы 18 404 әскери бөлімінің қызметкері, қатардағы жауынгер Данияр Егембаев күдікті ретінде танылды.

Оған «Билікті асыра пайдалану» (451-бап, 2-бөлім, 1-тармақ) бойынша айып тағылған.



Тергеу материалдарына қарағанда, Данияр Егембаев Талдықорғандағы полиция пунктін күзетіп тұрғанда жүріп бара жатқан көлікке қарай 30 оқ атқан. Жұма күнгі сотта Егембаев оқ атқанын мойындады. Бірақ өзіне тағылған айыпқа келіспейтінін айтты.

«Әдейі атқан жоқпын, тек дөңгелекке қарай аттым. Әдейі атсам, 30 оқ та адамдарға тиер еді ғой. Өзіме тағылған айыпты мойындамаймын», — деді күдікті сот отырысында.

Судья бұл іске тағы бір жәбірленуші қосылғанына байланысты сот отырысын кейінге қалдырды.

Қайғылы оқиға болған күні Нұрболат Сейітқұлов, Алтынай Етаева және олардың қызы Нұрай қонақтан келе жатқан. Бұл кезде қала аумағында коменданттық сағат енгізілген еді.

Ерлі-зайыптылардың жасы 51-де болған. Әйелі – үй шаруасындағы әйел, күйеуі Нұрболат зауытта жұмыс істеген, ал қыздары мектепте оқыған.

https://stan.kz/kommendanttik-sagat-kezinde-bir-otbasini-tugeldey-atip-376512/

Comments (0)
Add Comment