Бүгін Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы С.Егізбаевтың жетекшілігімен Комитет отырысы өтті.
Басқа комитеттерден келіп түскен заң жобалары бөлінді. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын қарастыру бойынша құрылған жұмыс тобына мүше болдым.
2024 жылғы 20 қарашада «Агроөнеркәсіптік кешенде инвестициялық жобаларды, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі бойынша сүт-тауар фермаларын салу жөніндегі жобаны қаржыландыру бағдарламасын іске асыру» бойынша Комитеттің тақырыптық отырысына дайындық барысы туралы әріптесім Н.Әшімбетов баяндамасын жасады. Тақырыптың өзектілігін ескеріп депутаттар өз ұсыныстарын айтып, қолдау білдірді.
Агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру және инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша Ауыл шаруашылығы вице-министрі Б.Бекбауов баяндап, депутаттардың сұрақтарына жауап берді.
Комитет мүшелері фермерлерді уақытылы қаржыландыру, өндірген өнімді өткізу, нарықты тұрақтандыру, шаруаларды қолдау бойынша нақты талаптарын қойып, Министрлік шұғыл тиісті шаралар қабылдау қажеттігін ескертті.